Шардара ауданының әкімі балаларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Шардара ауданының әкімі балаларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

2025 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев бірқатар отбасылардың үйлеріне арнайы барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы балаларға сыйлықтар табыстап, олардың шат күлкісі мен жарқын болашағы – қоғамның басты байлығы екенін атап өтті.

– Балалар – еліміздің ертеңі. Олардың тәрбиесі мен амандығы – бәріміз үшін ортақ жауапкершілік, – деді А.Қарсыбаев.

Мерекеге орай аудан көлемінде балаларға арналған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, әсіресе әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қызы қаңғыбасқа айналғаны үшін анасы айыппұл арқалады

Жасанды интеллект арқылы Қазақстандағы алғашқы анимациялық фильм Түркістанда дайындалды

Түлкібас ауданын дамыту жолдары талқыланды

berdaly_oraz