Шардара қаласының барлық шағынаудандарына су жіберілді

“Шардара» су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған болатын. Осыған орай облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су жетпеуіне байланысты қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

06.08.2025 жылы кешкі сағат 20:50-де екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Аталған су айдағыш насосоқа диаметрі 200 мм полиэтилен су құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан су Шардара қаласындағы бас су торабына жеткізілуде.

– Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағынауданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28  су жинау ыдысы орнатылып, су тасымалдайтын 10 арнайы көлік тұрақты жұмыс істеуде. Бұл облыс әкімдігі өкілдері мен аудан басшылары, қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда гид-экскурсоводтар оқыту курсынан өтті

САУРАНДА ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМ ШУАҒЫ» КЕШІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан: Ордабасы ауданының орталығы гүлмен көмкерілді