Шардарада VII–VIII ғасырларға тиесілі балбал тас табылды

Шардара қаласы аумағындағы «Ақтөбе қорымы» тарихи нысанынан VII–VIII ғасырларға тиесілі балбал тас табылды. Құнды жәдігер аталған тарихи орынмен іргелес орналасқан шаруа қожалығы аумағынан кездейсоқ табылған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Тарихи тас мүсіннің салмағы — 46 келі, биіктігі — 69 см, орташа ені — 26 см, ал бүйірінің орташа көлемі — 13 см. Балбал тас — шебер қолымен қашалып жасалған. Басына бейнеленген бас киімі, бет әлпетінің нақты көрінісі мен кеудесіне ойылып салынған сүйір төртбұрышты таңба — оның ерекше тарихи-мәдени маңызын арттыра түседі.

Ғылыми қауымдастық өкілдері бұл тас мүсінді түркі дәуіріндегі әскери қолбасшыға не тайпа, ру басына арналған белгі ретінде қарастырып отыр. ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Бауыржан Байтанаев жәдігерді біздің заманымыздың VII–VIII ғасырларына тиесілі құнды жәдігер ретінде бағалауда. Сонымен қатар, белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев бұл мүсінді VI–X ғасырлар аралығындағы тарихи кезеңге жататын аса құнды археологиялық олжа деп атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда үлкен теннистен «ATF 14&Under Turkestan G2» турнирі басталды

Шымкенттік ақын ЮНЕСКО сахнасында арнау айтты

Түркістан облысының ақылы жолдарында жылдамдықты есептейтін бейнебақылау жүйесі іске қосылады

berdaly_oraz