Шымкент қаласында Наурыз мереке күндері бейнебақылау арқылы 1000-ға жуық құқық бұзушылықтар анықталды

Шымкент қаласында Наурыз мереке күндері бейнебақылау арқылы 1000-ға жуық құқық бұзушылықтар анықталды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Наурыз айының 20-25 күндері аралығында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 1078 хабарлама тіркелді. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары арқылы 1050 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 102 автокөлік айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері екі қылмысты ізін суытпай ашты. Құқық бұзушылықтардың 80 пайызы жол ережесін бұзу болса, 20 пайызы қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтар ретінде тіркелді.

Нақты мысалдар:

  • 23 наурыз күні сағат 16:00 шамасында Шымкент қаласының тұрғыны «Chevrolet Lacetti» көлігіне тиесілі мемлекеттік нөмірді өзінің басқаруындағы «Hyundai Tucson» маркалы автокөлігіне заңсыз тағып, Түркістан – Кентау бағытында кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Көлік айыптұраққа қойылып, құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды.
  • Тәуке хан мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында темекі қалдықтарын тастаған үш жас жігіт анықталып, жауапқа тартылды.

Құқық қорғау органдары көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

L

Ұқсас жаңалықтар

Журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісін Бас прокуратура қайта тексермек

berdaly_oraz

Шымкентте мәдениет және өнер университеті ашылады

Сарыағашта  полиция сыныбы ашылды

berdaly_oraz

Пікір жазу