Шымкент: Кең Баба саябағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр

Шымкент қаласындағы Кен Баба саябағы қайтадан тұрғындардың демалыс орнына айналмақ. Соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы бұл аумақ коммерциялық нысандармен толып, саябақтың бастапқы мақсаты ұмыт қалған еді. Бүгінде қала билігі заңсыз салынған дүкендер мен кафелерді бұзып, жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабар таратады.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 1294 шаршы метр аумақты қамтитын заңсыз құрылыстар сот шешімі негізінде сүрілуде. Бұл жер толықтай тазартылған соң, қайтадан қоғамдық демалыс орны ретінде қалпына келтірілмек.

Кен Баба саябағындағы мәселе 1999 жылдан бастау алады. Сол кезде жергілікті билік бұл аумақты кәсіпкерлерге балалар мен жасөспірімдерге арналған мәдени-эстетикалық орталық салу мақсатында берген. Алайда уәде етілген орталықтың орнына саябақта түрлі коммерциялық нысандар пайда болды. Ғасырлық ағаштар оталып, тегін балалар ойын алаңдарының орнына бизнес нүктелері орналастырылған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызып, саябақты бастапқы қалпына келтіру туралы талаптар қойыла бастады.

Нәтижесінде сот шешімімен жалға беру келісімі бұзылып, аумақты мемлекет меншігіне қайтару үдерісі басталды. Қаланың бас жоспарына сәйкес, бұл саябақ толығымен «Жасыл аймақ» ретінде белгіленген. Ендігі мақсат – тұрғындарға жайлы демалыс орны ретінде саябақтың экологиялық және әлеуметтік маңызын қайта жандандыру…

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мас күйдегі жасөспірімдер пойыз вагонына мінуге ұмтылды

berdaly_oraz

Экологтар биылғы жаздан қауіптеніп отыр

Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Пікір жазу