Асанада лифтіде жарақат алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылатын болды

Асанада лифтіде жарақат алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылатын болды. Бұл туралы №2 қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов хабарлады,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық. Ешқандай шағымы жоқ, жарақаттан кейінгі қабыну белгілері де байқалмаған. Сондықтан мамандар оны ауруханадан шығарып, үйіне жіберуге шешім қабылдаған.

Еске сала кетейік, бұл оқиға ел арасында үлкен талқылауға түсті. Балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің әрекеті қоғамда қызу пікірталас тудырды. Тергеу барысында оның жәбірленушінің бетін пышақпен тілгені анықталды. Осы жағдайға байланысты жасөспірімнің анасына айыппұл салынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «балдызы» Айдос Есполов ұсталды

berdaly_oraz

Түркістанда кітапхана қызметкерлерінің облыстық байқауы өтті

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

berdaly_oraz