Шымкент полицейлері көрші елге жеткізуі керек затты сатып жіберген адамды тапты

Алматылық ер адам көрші елге жеткізуі керек 21 тонна мотор майын сатып жіберген, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент полицейлері халықаралық жеткізу қызметін көрсетемін деп алдаған алаяқты ұстады. Ол құны 14 миллион теңгеден асатын мотор майының ірі партиясын өзі иемденген.

Полицияның мәліметінше, Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген. Алайда міндетін орындамай, майды басқа адамдарға төмен бағада сатып жібереді. Тәртіп сақшылары тауарды анықтап, тәркілейді.

Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды. Мотор майы иесіне қайтарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласының жаңа дизайн коды таныстырылды

berdaly_oraz

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz

Арыста “Халық заңгері” республикалық акциясы өтті

berdaly_oraz