Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Экскаватор жүргізушісі жұмыс барысында жер астындағы жоғары қысымды газ жүретін диаметрі 315 миллиметрлі құбырды зақымдаған. Оқиға орнына жеткен авариялық бригада желідегі газды екі жерінен жауып үлгерді. Қазір Бозарық және Шымсити шағын ауданындағы 65 көпқабатты және 60 үй газсыз отыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауға кірісті. Зақымдалған аумақты толық анықтау үшін жер қазу жұмыстары жүруде.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды

berdaly_oraz

Түркістанның жемісті жеті жылы

Сарыағашта 180-ге жуық үй сапалы электр қуатымен қамтылады

berdaly_oraz