Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады

Шымкентте 27 білім беру ұйымы тест тапсырады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуір мен 18 сәуір аралығында PISA-2025 халықаралық зерттеуі жүргізілуде. Бұл зерттеу әлемнің 80-нен астам елінде жүргізілетін оқушылардың білім деңгейін бағалау мақсатындағы маңызды шара болып табылады.

Жалпы, 27 білім беру ұйымы тест тапсырады, оның ішінде:
•Мемлекеттік мектептер – 17
•Жекеменшік мектептер – 5
•Колледждер – 5

Қазіргі таңда 10 білім беру ұйымы тест тапсырып, сәтті аяқтады. Осы зерттеу нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қабілеті мен дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды мәліметтер алынатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда адвокаттар алқасының адвокаты парақорлығы үшін сотталды

berdaly_oraz

Сарыағашта жарық бағаналары жаңартылуда

berdaly_oraz

Түркістанда жол белгілері мен жолақтар жаңартылуда

Пікір жазу