Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері, 8,7 шақырым жолға асфальтбетон төселді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Сондай-ақ, басты жолдар мен ішкі орам көшелерде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарықтандыру құрылғылары орнатылуда.
Үшінші мегаполисте инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, 6 мың дана жол белгілерін ауыстыру, орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін оның 1200 — ден астамы орнатылды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткеліне 30 — дан астам жарықшамдар қойылса, жыл соңына дейін 100 нүкте жарықтандылмақ.
Басқарма тарапынан көше жарықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 1237 көшеге өткен жылы орнатылды. Биыл, 988 көшеге орнатылуда. Бұл жұмыстарда қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, 250 аялдама орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар да бастылып кетті. Жалпы, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне байланысты, жарықтандыруда қолға алынған болатын.
Ал, ойдым-ойдым жерлерді жамау бойынша, қала аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы 400 мың шаршы шұңқыр тегістелмек.