Шымкентте екі айда елуден аса тұрғын туберкулез жұқтырған

Шымкентте екі айда туберкулезді жұқтырудың 51 жағдайы тіркелді. Жыл басынан бері аурудың бұл түрінің 40 жағдайы анықталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35% — ға аз, ал өкпе туберкулезінің саны 44% — ға төмендеген. Алайда оң динамикаға қарамастан, өлімнен толықтай құтылу мүмкін болмай тұр.

Түркістан облысы облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы басшысының орынбасары Қарлығаш Қапанованың айтуынша, 2024 жылы туберкулезден 4 пациент, ал 2025 жылдың 2 айында 1 пациент қайтыс болған.

Мамандар биыл 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулездің бір қосымша жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Ал жасөспірімдер арасында аурудың төмендеуі байқалады. Дәрігерлер тұрақты тексерулердің маңыздылығын еске салып отыр және қажет болған жағдайда емдеуді дереу бастауға шақырады.

«Қазір туберкулезді емдеп, толық қалпына келтіруге болады. Бұл ауру тұқым қуаламайды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері жылына бір рет тексеруге шақырады», — дейді дәрігерлер.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРАҢҒАЙДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛУҒА ЖАҚЫН

berdaly_oraz

Түркістан облысында заман талабына сай зауыттар мен кәсіпорындар көбейіп келеді

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНДА ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo