Шымкентте Free Fire ойнаған мектеп оқушысының ата-анасы 2 млн теңгеден айырылды

ІІМ хабарлағандай, белгісіз бала Free Fire мобильді ойынының аккаунтын сатып алуды ұсынған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

6-сынып оқушысы ұсынысқа қазығушылық танытып, белгісіз ер адамға анасының банк картасының мәліметтерін және ақша аударымының кодын жіберген. Салдарынан алаяқ анасының есебінен 2 млн теңге шешіп алып кеткен. Оқушының анасы ақша жоғалғанын анықтап, полицияға жүгінді. Көп ұзамай алаяқ та ұсталды, қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

«Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламауды әрдайым айтып отыру керек», — деп еске салды полиция.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында бес жаңа индустриалды аймақ ашылды

berdaly_oraz

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», қазаққа оңай келген жоқ

berdaly_oraz