Шымкентте қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылған

А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры А.Оңғарұлы бастаған археолог мамандар тобы Шымкент қаласында жүр, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Алматыдан келген археологтарды «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-ның директоры Ж.Құрбан бастап, қала аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба нысандарымен таныстырды.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында орналасқан 3 археологиялық ескерткіште қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар бұл ескерткіштерді алдын-ала мерзімдеп, б.з. І-ІV ғасырларға жатқызып отыр.

Қазірдің өзінде бүл нысандардан заттай құнды жәдігерлер табылған. Алдағы уақытта бұл заттарды музей экспозициясынан көріп қаламыз деп күтіліп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалығы: Сайрам ауданында 600 орындық жайлы мектеп салынуда

Арыста Наурыз мейрамы кең көлемде тойланады

berdaly_oraz

Қазақстанда 600-ге жуық блогер табысын жасырғаны анықталды

berdaly_oraz