Шымкентте қоғамдық орынды ластаған тұрғындар жауапқа тартылды

Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластаған 1600-ден астам тұлға жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Қалада құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұдайы түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

Тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығының камераларының көмегімен де анықтайды.

Ағымдағы жыл басынан бері Шымкентте аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 1638 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр

Қазақстанда соңғы қоңырау уақыты өзгерді

Шымкентте екі айда елуден аса тұрғын туберкулез жұқтырған

Альфия Адамбек