Шымкентте марихуана өсірген тұрғын ұсталды. Арнайы жабдықталған, жасанды жарықтандырумен қамтылған фитозертханадан 83 пластикалық шелекте өсірілген марихуана, сондай-ақ, есірткі заттары және электронды таразылар табылды. Қазіргі уақытта ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Жанерке Атыкаева, Шымкент қалалық прокуратурасының Басқарма аға прокуроры:
«Қылмыстық кодекстің 297, 300-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған баптар бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды».