Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Шымкентте алып шақалақ дүниеге келді. Оның салмағы 6,5 килограмм, ал бойы 63 сантиметр.

Шарананың денесі үлкен болғанымен дәрігерлер жүкті әйелді операциясыз босандырып алды. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы.

Аяғы ауыр әйел перзентхана дәрігерлерінің қарауында бір аптадай болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алып сәби көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.

Айта кетейік, медицинада нәрестенің салмағы 6 килограмнан асса «алып» саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Жуырда Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы басталады

Альфия Адамбек

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Redaktor Arysinfo

Арыста «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны өтіп, ең үздік команда анықталды