Шымкентте тыныс жолы тарылған 63 жастағы науқасқа күрделі ота сәтті жасалды

Шымкентте тыныс жолы тарылған 63 жастағы науқасқа күрделі ота сәтті жасалды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы орналасқан көпбейінді ауруханада 63 жастағы науқасқа аса күрделі ота сәтті жасалып, оның өмірі аман сақталды.

Дәрігерлердің мәліметінше, науқасқа көкірек қуысы ісігі диагнозы қойылған. Ісік көлемі өте үлкен болып, кеңірдек пен кеуде тұсындағы ірі қан тамырларын зақымдап, науқастың тыныс жолын толық жауып қалған.

Кардиохирургтермен бірлескен тәжірибелі онколог-дәрігерлер жедел шешім қабылдап, күрделі хирургиялық араласуға кірісті. Мамандардың үйлесімді жұмысының және кәсіби біліктілігінің арқасында ота сәтті аяқталып, науқастың жағдайы тұрақтанды. Қазіргі таңда ол қалпына келу үстінде, жақын күндері үйіне шығарылады деп жоспарлануда.

Бұл оқиға медицина қызметкерлерінің жоғары шеберлігі мен шұғыл әрекетке қабілеттілігінің тағы бір дәлелі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей осы жылдың 10 тамызда туылып,есімі Абай болып қойылған қазақстандықтарға 180 мың теңге сыйақы беруді уәде етті

berdaly_oraz

Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Альфия Адамбек

Түркістан облысындағы колледждерде жұмысшы мамандығына басымдық беріледі

Пікір жазу