Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды,- деп хабарлайды Arysinfo.kz.

2025 жылғы 5 мамырда Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымына Ниязбеков Бауыржан Қабылбекұлы тағайындалды.

Бауыржан Қабылбекұлы 1987 жылы 7 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Гуманитарлық-техникалық академиясының түлегі. Мамандығы бойынша — қаржы және экономика саласының маманы.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Қаржы министрлігінде сарапшы болып бастап, кейінгі жылдары республикалық деңгейде және аймақтарда бірқатар маңызды лауазымдарда қызмет атқарды. Атап айтқанда:

  • ҚР Қаржы министрлігінің түрлі құрылымдарында (2013–2018);
  • Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы (2018–2019);
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігінде басқарма басшысы (2019–2020);
  • Павлодар облысында басқарма басшысы (2020–2023);
  • ҚР Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасында басшының орынбасары (2024–2025);
  • 2024 жылғы ақпан айынан бері Шымкент қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа басшының салалық тәжірибесі мол, түрлі деңгейде жауапты қызметтерді атқарған. Оның басшылығымен Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу саласында тиімділік пен ашықтықты арттыру көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

berdaly_oraz

Ералы Тоғжанов Келес ауданындағы ауыз су нысандарын тексерді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ 275 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАП ӨҢДЕЛДІ

Альфия Адамбек