Шымкентте вандализмге төзімді SOS батырмалары іске қосылды

Азаматтардың полициямен жедел байланысқа шығуына мүмкіндік беретін дабыл түймелер жүйесі қаланың халық көп шоғырланатын орындарында орнатылған, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Құрылғы арқылы бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығымен аудио және бейне байланыс қосылады.

Әр SOS батырмасы камера, микрофон және динамикпен жабдықталған, бұл операторға қоңырау шалушыны көруге, естуге және полиция наряды келгенге дейін қажетті нұсқаулықтар беруге мүмкіндік береді. Дабыл түскен бойда ЖБО инспекторы жақын маңдағы патрульдік жасақты немесе учаскелік полицейді оқиға орнына жібереді.

SOS батырмалары көп адам жиналатын қоғамдық орындарға орнатылып, қылмыстың алдын алу және қауіпсіздікті күшейту мақсатын көздейді. Айта өтсек, бұл құрылғылар вандализмге төзімді етіп жасалған.

Жақын арада қала аумағында қосымша 50 құрылғы орнату жоспарлануда. Бұл төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының шаруаларына жеңілдетілген бағамен дизель отыны бөлінді

berdaly_oraz

Түркістан облысында интернет-алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді

Рим папасының қазасына байланысты Италия премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Пікір жазу