Шымкенттегі зообақта түйеқұсты тепкен адамның кім екені белгілі болды

Шымкенттегі зообақтағы қоршаудан өтіп, түйеқұсты тепкен адамның жасөспірім екені анықталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оқиғаға қатысты зообақ ресми пікір білдірді. Белгілі болғандай, тәртіп бұзушы – кәмелет жасқа толмаған жасөспірім.

«Ата-анасымен бірге түсініктеме алынып, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жануарлардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Мұндай оқиғалар жануарлар үшін ғана емес, қоғам үшін де қауіпті. Зообаққа келушілерден ережелерді сақтауды сұраймыз», — деп хабарлады зообақ ұжымы.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Энергетика министрі ант қабылдады

berdaly_oraz

Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді

Альфия Адамбек

Түркістан облысында сот ұйғарымын орындамаған лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды

berdaly_oraz