Шымкенттік балуан Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында шымкенттік Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды.

Еске салайық, Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылмайды – Үкімет өкілі

berdaly_oraz

Түркістан мен Қытай арасындағы туризмді арттыруға бағытталған меморандумға қол қойылды

Арыста «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша мобильді топтың халықпен кездесуі өтті