Шымкенттік оқушы әлемнің 50-ге жуық университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Өмірбай Бергей 47 жоғары оқу орнынан «Қаржы» мамандығы бойынша ресми шақырту алған.
Стипендияның жалпы құны 979 000 АҚШ долларын құрайды.
Оның сүйікті пәндері – математика мен ағылшын тілі.
Сондай-ақ ол қытай және түрік тілдерін де меңгеріп, түрлі елдің мәдениетін тануға қызығушылық танытып келеді.