Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды

Қазақстанда 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды
Ел жаңалықтарына оралайық. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі күнге дейін 22,7 млн тоннадан астам астық бастырылды.

Жалпы дәнді дақылдар бойынша 15 млн гектар алқаптағы дәнді және бұршақ дақылдары жиналған. Оның 12 млн-ға жуығы бидай.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыруға биыл 580 млрд теңге қарастырылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Егін жинау науқаны ерекше бақылауымызда, — делінген министрліктің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста жұмысшы топ өкілдері кезекті рейдтік шара өткізді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Арыста 8 наурыз мерекесіне орай аналарға құрмет көрсетілді

berdaly_oraz