Skills.enbek.kz платформасы арқылы 3 мыңнан астам адам білімін жетілдірді

Биыл Шымкентте 2 700 адамды skills.enbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша оқыту жоспарланған болатын. Бүгінде бұл көрсеткіш асып, 3 090 адам сертификат алды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

skills.enbek.kz – кез келген азаматқа тегін онлайн курстар арқылы жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін платформа. Бұл әсіресе жұмыссыз азаматтар мен кәсіби біліктілігін арттырғысы келетіндер үшін үлкен көмек. Платформаға тіркеліп, қажетті курсты таңдау жеткілікті.

Онлайн курстар түрлі салаларды қамтиды. Ауыл шаруашылығы – жылыжайда лимон өсіру, балық және асыл тұқымды мал шаруашылығы, үй құстарын өсіру, саңырауқұлақ өсіру. Қызмет көрсету – аспаздық, сусындар дайындау, визаж, менеджмент және басқа да мамандықтар.

Платформадағы қазақ және орыс тілдеріндегі бейнесабақтарды өз саласында табысқа жеткен кәсіпкерлер әзірлеген. Оқу материалдары тегін және ақылы форматта ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Сауранда 600 адам ауқымды тазалық шарасын өткізді

Альфия Адамбек

Түркістан облысының әкімі ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Түркістанда инвестициялық штаб отырысында өзекті мәселелер ашық айтылды

berdaly_oraz