Түркістан қалалық сотына қалалық пробация қызметі бөлімінің ұсынысы қаралды: Жазасын өтеуші А. Түркістан облысының КТІЖМА сотының 2024
жылғы 7 қарашадағы үкімімен ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Алайда сотталған А. пробациялық бақылауда көрсетілген шектеулерді бұзған, яғни:
— бір рет белгіленген мерзімде тіркелуге келмеген;
— тұрғылықты мекен-жайында болмаған;
— түнгі уақыт шегінде мекен-жайынан екі рет шыққан.
Кәмелетке толмаған А.тіркелуге бармауының себебі ол күні демалыс болуына байланысты; Тұрғылықты мекен-жайында болмағаны және түнгі уақыт шегінде мекен-жайыннан шығуға әкесінің шақыруы бойынша оған көмектесу және әкесінің жіберуі бойынша ағасына көмектесу әрекеті орын алған.
Прокурор ұсынысты қанағаттандыруды сұраған. Сотталған А. және оның заңды өкілі жасаған бұзушылықтары үшін өкінетіндерін және қайталамайтындарын білдірді.
Сот, А.-ның пробация қызметіне тіркеуге алынғанына небәрі екі айдан асқанын ескеріп, сонымен қатар, А.-ның қазіргі таңда тұрақты оқу орны бар екенін, жаза өтеу барысында қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасамағанын ескеріп, әлі де болса түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін назарға алып, 10 ақпан 2025 жылы қаулысымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің ұсынысын қанағаттардырудан бас тартты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.