Созақ ауданында қазақ күресінен ерлер арасында ел чемпионаты өтті

Созақ ауданында қазақ күресінен ерлер арасында ел чемпионаты өтті. Спорттық шара қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбекұлының 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталмыш додаға еліміздің барлық өңірлерінен 28 балуан қатысып, өз бақтарын сынады. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.

Жарыстың финалдық белдесуінде Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбаев пен Түркістан облысының балуаны Әбдіғали Бибарыс күш сынасты. Нәтижесінде жамбылдық спортшы қарсыласынан басым түсіп, түйе балуан атағын жеңіп алды. Бас жүлде ретінде жеңімпазға су жаңа автокөлік табыс етілді. Сонымен қатар, жүлдегерлерге де қомақты қаржылай сыйлықтар үлестірілді.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен партияның парламенттік фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Redaktor Arysinfo

Арыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

berdaly_oraz

«Үш үміткер-үш бағдарлама,бір мақсат» Монтайтас ауылдық округіне жаңа әкім сайлануда

berdaly_oraz