Созақта соғыс майдангеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Созақ ауданына арнайы барып, сұрапыл соғыстың соңғы майдангері, ғасыр жасаған қария Мырзахмет Жылысбаевты Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

– Тарихтағы ең алапат майданда бейбітшілік орнатуға біздің батырларымыз ерекше үлес қосты. Солардың арасында сіз де барсыз. Біздің ержүрек ардагерлеріміздің ерліктері – ұрпақтың мәңгілік мақтанышы. Сіздер қан майдандағы жанқиярлық батырлығыңыз арқылы елімізге тыныштық, болашаққа үміт сыйладыңыздар. Бұл Жеңіс – ардагерлеріміздің қажыр-қайраты, батылдығы, төзімділік пен Отанға деген шексіз махаббатының жемісі. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Айтулы мереке қарсаңында ардагер Мырзахмет Жылысбаев көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Шара барысында жас сақшылар сап түзеп, патриоттық көріністер мен әсерлі әндер орындалып, жиналған жұртшылықтың жүрегіне ерекше әсер сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста әскери қызметшілер арасында спорттық сайыс өтті

Мост из прошлого “Кто я? Откуда? Где страна, где мне не скажут, что я чужой?”

Сот кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің түзелуіне мүмкіндік берді