Таза Қазақстан: «Үкаша ата» кесенесінің маңы абаттандырылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» айдары аясында Сауран ауданының аумағындағы орналасқан «Үкаша ата» кесенесінің маңы абаттандырылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – киелі жерлердің тазалығын қамтамасыз етіп, табиғат пен тарихтың тұтастығын сақтау.

Ауқымды тазалық шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмысына атсалысты. Тұрғындарды қасиетті орындарды көркейтуге, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Жалпы көлемі 90 гектарды қамтитын «Үкаша ата» кесенесінің аумағында қураған шөптер жиналып, бей-берекет өскен ағаштар ретке келтірілді. 100 метрге жуық бұлақ көзі ашылып, құдық маңы қоқыстардан тазарды.

Экологиялық шараға ауылдық округтерден жиналған жүзге жуық тұрғын мен мемлекеттік қызметші қатысып, аумақты ретке келтіруге өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, аудан аумағындағы 53 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында жүйелі тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық ескекшілер Тайландта өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

Арыста жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі өтуде

berdaly_oraz

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық жүріп жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу