Төле би ауданында мемлекетке 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар азамат ұсталды

Бүгінгі таңда “Қорғау — қауіпті жүргізуші!” бағдарламасы құқық бұзушылықпен күрестегі тиімді құрал. Мәселен Төле би ауданында учаскелік полиция инспекторлары “Қорғау” жүйесі арқылы мемлекетке 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар азаматты анықтады, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 
Леңгір қаласы көшелерінің бірінде тоқтатылған Mersedes benz көлігінің жүргізушіге полиция заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жүргізуші жауапқа тартылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейнебақылау камераларын пайдалану «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Түркістан облысының аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға “Абай жолы” романы таратылды

САУРАНДА ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМ ШУАҒЫ» КЕШІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында қаруды қабылдап алу акциясы басталды