Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мерекелік іс-шара «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысып, бабалар рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды.

Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі тыл еңбеккерлерін жеңіс мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімі майдангерлердің ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын айтып, ардагерлерді ұлықтап, құрметпен еске алу перзенттік парыз екенін жеткізді.

Шарада патриоттық әндер шырқалып, жиналғандарға рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрамда құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар анықталып, тексеріс жүргізілді

berdaly_oraz

Наурыз мерекесіне орай қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады

berdaly_oraz

Сауранда жаңа оқу жылын 24 мыңға жуық оқушы бастады

berdaly_oraz