Түркістан: 109 өкіл Астанада тәжірибе алмасты

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысының «Цифрлық даму орталығы» КММ-де 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Call-орталықтың жұмысын жандандыру мақсатында мекеме басшысы Арман Асхатұлы Астана қаласына арнайы іссапармен барып, iKomek109-дың жұмысымен танысты. Ондағы мамандармен тәжірибе алмасып алдағы жоспарларды талқылады.

“ 2025 жылдың басынан бері 40 874 өтінім түсіп, 40 583-і дер кезінде жабылды. Ал 391-і орындалу барысында тұр. Облыс әкімінің хаттамасы негізінде «109 мониторинг» тобы өтініштердің сапалы орындалуын қадағалау үшін шалғай елді мекендерге барып, тұрғындармен кездесу өткізуде. Сондай-ақ насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Алдағы уақытта iKOMEK орталығымен бірлесе атқаратын жұмыстар ауқымды болмақ”, – деді мекеме басшысы.

Өтініштер 109 номерінен бөлек, Байланыс орталық turkistan_oblysy.109 инстаграм желісі,  +7 701 13 13 109 whatsapp номері және «aikey-109» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 1-сынып оқушысы құрылыс шұңқырына құлап мерт болды

Альфия Адамбек

Түркістанда тұрғын үймен қамту мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Облыстық сот ұжымы аудандық соттың судьяларын отставкаға шығарып салды

berdaly_oraz

Пікір жазу