ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНСПОРТТЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Арыс қаласында ашылған халықаралық транспорттық-логистикалық орталық  еліміздің экономикалық және көлік-логистика саласындағы әлеуетін арттыратын ауқымды жоба.
Маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы арнайы қатысып, орталықтың  аймақ үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жаңа кешеннің ашылуы қаланың стратегиялық рөлін арттырып, халықаралық саудадағы орнын нығайтады. Орталық заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға тұрақты жұмыс орындарын ұсынып отыр. Сонымен бірге, бұл жоба азық-түлік бағасын тұрақтандырып, көлік шығындарын азайтуға септігін тигізеді.
Жергілікті іскер азаматтардың табанды еңбегінің нәтижесінде жүзеге асқан осындай бастамалар қаланың экономикалық әлеуетін жаңа деңгейге көтермек.
Арыс қаласы тек теміржолшылардың қаласы ғана емес, енді халықаралық логистиканың жаңа орталығына айналып отыр!
Арыс қаласының тоғыз жол торабындағы орналасуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашумен қатар  осы артықшылықты барынша тиімді пайдаланып, шахардың экономикасын жаңа деңгейге көтеруге күш салады.

Ұқсас жаңалықтар

Блогер Мұрат Әбділдә қайтадан қамалды

Ұлытау облысындағы кеніш апаты: жеті кенші қаза тауып, тергеу басталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 7 млрд теңгеге салынған жағажайдың халі қалай?

Пікір жазу