Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады

Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Осы жолдардың 430,1 шақырымы немесе 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы немесе 49,7 пайызы қиыршық тасты жолдар санатына жатады, деп хабарлады Arysinfo.kz.

Биыл ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артады деп күтілуде.

Жөндеу жұмыстары негізінен қаланың инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған Шауғар, Яссы, Отырар және Бекзат тұрғын алаптарында жүргізіледі.

Орташа жөндеу барысында көшелерге екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, жол жиектері, аяқжолдар, мүмкіндігінше веложолдар мен жаңбыр суағар жүйелері орнатылады. Жөнделетін көшелердің басым бөлігі қаланың тарихи, яғни ескі бөлігінде орналасқан.

Атап айтқанда, Тәуке хан, Әл-Фараби, Наурызым көшелері толықтай жаңартылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар  С.Жандосов көшесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Оған қоса Тәуке хан көшесінде ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын асфальт қабаты жаңартылып, жол бөлу таңбалары толықтай қайта сызылды. Әл-Фараби көшесінің 1,8 шақырымына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен жаңбыр суағар жүйелері салынды. Ал Жангелдин көшесінде 3,75 шақырым аумаққа ауыр жүк көліктерінің жүріп-тұруына бейімделген асфальт жабындысы төселіп, аяқжол, веложол және су ағатын арықтармен қамтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан мен Еуропа Одағының қарым-қатынастары талқыланды

berdaly_oraz

Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырды

berdaly_oraz