Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

Бүгін «Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.

Дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Онда жалпы ережелер, сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар, сыртқы көрнекі ақпарат, көше навигациясы жүйелері, көше жиһазы, ғимараттардың қасбеттері, қоршаулар және қалалық кеңістікті жарықтандыру мәселелері қамтылған.

Жобаның басты мақсаты – Түркістан қаласының мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру.

Жобаның негізгі міндеттері ретінде қаланың тарихи және жаңа құрылыстары арасында үйлесімділік орнату, ғимараттардың қасбеттеріне бірыңғай сәулет-көркемдік талаптарды енгізу, әлеуметтік осал топтар үшін қолжетімді орта жасау, экологиялық және технологиялық шешімдерді қолдану және қолданыстағы нормативтік базаны жаңғырту көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандағы ел чемпионатында су айдынының иелері ешкімге дес бермеді

Альфия Адамбек

Шымкентте құқықтық кеңес беру бойынша «Халық заңгері» акциясы өтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында 35 алаяқ ұсталды

berdaly_oraz

Пікір жазу