Түркістан: ҚХА-ның 30 жылдығы аясында этнос жастары арасында «БАБАЛАР ҮНІ» байқауы басталды

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Елтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «БАБАЛАР ҮНІ» тақырыбындағы этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айту байқауы басталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өтіп жатқан «Бабалар үні» байқауы — этнос өкілдері арасында қазақтың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерін, мемлекеттік тілді насихаттау, талантты эпос жырын орындаушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов құттықтау сөзбен ашты.

Байқауға Түркістан облысына қарасты аудан, қаладан келген этнос жастары қатысуда.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов бастаған қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде үміткерлердің эпосты орындау шеберлігіне, шығарманы таңдау талғамына, дауыс ырғағына, тіл тазалығына, сахнада өзін ұстау мәдениетіне назар аударуда.     

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда триатлонды дамыту мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік бастауы – берекелі Түркістан» тақырыбында XXVIІ сессиясы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

Redaktor Arysinfo