Түркістан мен Шымкентте 48 адам рақымшылықпен бостандыққа шықты

Түркістан мен Шымкентте 48 адам рақымшылықпен бостандыққа шықты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында өңір түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың ісі қаралып, 48 адам еркіндікке шықты. Тағы 14 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Шымкенттегі №78 мекемеде отырған кәмелетке толмаған балалары бар екі әйел де сот шешімімен босатылды.

ҚАЖ департаменті бұл шараның сотталған азаматтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Келес ауданында зиянкестерге қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

Redaktor Arysinfo

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді