ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘЗЕРБАЙЖАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ «ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан облысы Сайрам ауданында ҚХА-ның 30 жылдығы аясында Түркістан облыстық әзербайжан этномәдени қоғамдық бірлестігінің «тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күні аталып өтті.
Бұл шара Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.
Іс-шарада Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов және мекеменің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.
Бірлестік мүшелері осындай қуанышты күні өз пікірлерін ортаға салып, Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғаны үшін өз алғыстарын жеткізді.
Мерекелік шара барысында елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген этномәдени бірлестік өкілдері Алғыс хаттармен марапатталып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Еске сала кетсек, өңірде 23 мыңнан аса әзірбайжан этносының өкілдері тұрады, олар тәуелсіз Қазақстан мен Түркістан облысының дамуына, қоғамдық татулық пен тұрақтылықтың сақталуына шынайы қызмет етіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Төлебиде биыл 156 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

Нұралхан Көшеров Ордабасы тұрғындарымен кездесті: өзекті мәселелер мен даму жоспары сөз болды

berdaly_oraz

ПЖКР: Үміткерлерден құжат қабылдау аяқталды