Түркістан облысы әскерге шақырушылар саны бойынша Республикада көш бастап тұр

Биыл 1 наурыздан бастап Түркістан облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Шара маусым айының соңына дейін жалғаспақ, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Науқан барысында 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Түркістан облысы Қорғаныс істері Департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев брифингте мәлімдеді.

«Әскерге азаматтарды шақыру – бұл Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтауға бағытталған маңызды шара. Биыл көктемде Түркістан  облысынан 2500-ден азамат шақырылып, олар бүкіл ел аумағында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Жоспар бойынша күзгі науқан кезінде де 2500 азамат әскерге шақырылмақ. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр»- деді спикер.

Медициналық және шақыру комиссиялары облыстың 14 ауданында өз жұмысын жалғастыруда. Ал жергілікті әскери басқару органдары әскерге шақырылушыларға хабарлау жұмыстарын ұйымдастырады. Еске сала кетейік, хабарлау тек дәстүрлі шақыру қағаздары арқылы ғана емес, сонымен қатар, мобильді телефондарға SMS-хабарламалар жіберу арқылы да жүргізіледі. Сондай-ақ, әскери қызметтен жалтару заң бойынша ауыр салдары бар.  Дәлірек айтсақ, шақырылушы негізсіз келмесе, оған айыппұл салынады, ал медициналық тексеруден өтуден бас тартса – ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Ал егер заңды себепсіз әскери қызметтен жалтарса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл айыппұл төлеуге, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға, тіпті бас бостандығынан айырылуға дейін алып келуі мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Ұлы дала дүбірі» додасы өтті

Беймезгіл уақытта көшеде қаңғып жүрген 273 жасөспірім анықталды

Альфия Адамбек

Түркістан облыстық мәслихатында 13 мәселе қаралды

berdaly_oraz

Пікір жазу