ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Түркістан облысында «Саутс-ойл» компаниясының «Созақ фосфат» инвестициялық жобасы аясында фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытының құрылысы басталды.

Созақ ауданында жүзеге асатын жобаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қолдау білдіріп, зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Зауыт Түркістан облысы мен Созақ ауданы үшін маңызды инвестициялық жоба. Бұл зауытта фосфор қалдығын өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар өндіріледі. Зауыттың іске қосылуы құрамында фосфоры бар тыңайтқыштың импортына тәуелділікті азайтады. Осында өндірілген тыңайтқыштар мен препараттар еліміздегі азық-түлік бағасының тұрақты болуына оң әсерін бермек. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаны жүзеге асыруға барысында Инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асырушылар әрі серіктестері – «Саутс-Ойл» компаниясы мен «China Tianchen Engineering Corporation LTD» компаниясы. Маңызды оқиғаға аталған компаниялардың басшылары Серікжан Сейтжанов пен Лян Цзюньсян қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба индустрияландыру картасына енгізілген. Жоспарланған инвестиция көлемі шамамен 140 млрд теңгені құрайды және 1000-ға жуық жұмыс орнын қамту күтілуде.  Экологиялық талаптар қатаң сақталатын және заманауи технологиялар қолданылатын жоба арқылы фосфор қалдығын алу, фосфор тыңайтқыштарын шығару, терең өңдеу көзделген. Зауыттың қуаттылығына келсек, жылына 1 миллион тонна азот-фосфор-калий кешенді тыңайтқышын және 600 мың тонна фосфор нитратын шығарады деп жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте есірткіні жасырын орналастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент кәсіпкерлері азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан

admin_arysinfo

Өңірлік жаңалық: Сарыағашта өткен сенбілікте 300 түп ағаш егілді

Пікір жазу