Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы «IQanat» Олимпиадасына қатыспақ

Түркістан облысының 2000-нан астам ауыл оқушысы республикалық «IQanat» Олимпиадасына қатысады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

«IQanat» Олимпиадасы бойынша бірінші турдан сәтті өткен білімділер Қазақстан бойынша ақтық сынға өткен 1000 оқушының қатарына ену үшін 3 күн бойы тістілеуден өтпек.

Ресми мәлімет бойынша, биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – «Peer-to-Peer» жобасы болмақ. Жаңа бастама нәтижесінде, жоғары сынып оқушылары мен «IQanat» түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі екен. Айта кетейік, емтиханға қатысушылар тек тестілеуге ғана қатысып қоймай, тренинг, квест секілді командалық ойындар мен шараларға қатысады. Балаларға 11 тәлімгер мен «IQanat» жобасының 7 қатысушысы көмектеспек. Жобада жеңімпаз атанған оқушылар Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.

«IQanat» олимпиадасы — жыл сайын ауылдардан 50 000-нан астам 8-сынып оқушылары қатысатын ауқымды жоба. Олимпиада қатысушыларының 70%-ы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшпек

Түркістанда «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары жалғасуда

Түркістанда үлкен теннистен «ATF 14&Under Turkestan G2» турнирі басталды

Пікір жазу