Түркістан облысында 30 000 жаднама халыққа таратылды

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ІІМ-нің Профилактика жылы деп белгілеуінен бастап, алдын алу іс-шараларын күшейтті. Мәселен облыс сақшылары алаяқтардан сақтану тәсілдері жазылған арнайы 30 000 жаднаманы халыққа таратты. Адам көп шоғырланған аумақтарға барып, киберпол қызметкерлері кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар мектептерге барып және үлкен сахналарға шығып, тұрғындарды жинап, профилактика бағытиынджағы бейнероликтерді көрсетті. Мұндай шаралардың мақсаты халық арасында алаяқтардың іс-әрекетін әшкере етіп, алаяқтық қылмыстарын болдырмау мен алдын алу.
Сондай-ақ облыстағы маңызды орындарда орналасқан 50 ЛЭД-экран мен 60 билбордқа интернет-алаяқтық қылмыстарының жаңа түрлері бойынша бейнероликтер жарияланды.

Бұл деген сөз тәртіп сақшылары интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізе отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға көптеп көмек беріп жатқандығының бір дәлелі. Алдағы уақытта да бұл шаралар қарқынды түрде жалғасын таба бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы ауданында үш рет пәтер ұрлығын жасаған жас жігіт ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан мен Қытай арасындағы туризмді арттыруға бағытталған меморандумға қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

berdaly_oraz