Түркістан облысында 60-тан астам ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Түркістан облысының Полиция департаменті тұрғындар алдында онлайн есеп берді. 17 ауданның полиция басшылығы қатысқан бейнеселекторлық жиын департаменттің ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Арақсыз ауылдар – тәртіп кепілі
Полиция департаментінің бастығы, генерал Мұрат Қабденов баяндамасында 61 ауыл ішімдік сатуды доғарғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл елді мекендерде соңғы жылдары қылмыс тіркелмеген, тұрғындар арасында тәртіп сақталған.

Қылмыс деңгейі төмендеді
Жиында 2024 жылғы қылмыстық ахуалға қатысты деректер де жарияланды. Облыстағы қылмыстық құқық бұзушылықтар 3,2%-ға, ал ұрлық 38,7%-ға төмендеген. Мал ұрлығы 43,7%-ға азайып, бұл бағытта 16 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Пәтер ұрлығы бойынша 8, ал алаяқтыққа қатысты 23 қылмыстық топ ұсталған.

Тұрғындармен кері байланыс
Есеп беру жиыны барысында тұрғындар тергеу саласы, қоғамдық қауіпсіздік, патрульдік қызмет, камералар орнату және алаяқтықпен күрес мәселелеріне қатысты 100-ден астам сұрақ жолдады. Барлық сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берілді.

Полиция басшысы аймақтағы тұрақты тәртіпті сақтау үшін құқық қорғау органдарының жұмысты күшейтетінін атап өтті. Тұрғындар тәртіп сақшыларына сенім білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ» МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 1000 түр гүл және ағаш егілді

АРЫС: АҚДАЛА АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Пікір жазу