Түркістан облысында 7 млрд теңгеге салынған жағажайдың халі қалай?

Түркістан облысында 7 млрд теңгеге салынған жағажай жарамсыз күйде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Туризмді дамыту мақсатында ашылған «Шаға» жағажайы қараусыз қалған. Кешеннің құрылысына 9 млрд-тан астам қаржы қаралған еді. Соның 7 млрд теңгесі игерілді. Орталық 3 жыл бұрын пайдалануға берілгенімен, құрылыстың сапасыздығынан және су тасқыны салдарынан толық іске қосылмады. Мердігер мекемеге міндеттемелерін орындамағандықтан 1 млн теңге айыппұл салынды. Қаржы болмаған соң жағажайдың екінші бөлігінде де жұмыс тоқтап тұр.

Қазір облыстық Экономикалық тергеу департаменті бұл жобаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет отырысы: Елде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады

АРЫСТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

berdaly_oraz

Арыста жұмысшы топ өкілдері кезекті рейдтік шара өткізді

berdaly_oraz