Түркістан облысында ауыл оқушысы әлемнің 40-қа жуық университетінен шақырту алды

Сарыағаш ауданындағы Қапланбек ауыл округіне қарасты Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің беделді 36 университетінен шақырту алған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған жас түлек дүниежүзіндегі озық университеттерде білім алып, өз саласын жетік меңгерген майталман маман болуды армандайды. Әлем назарын аудартқан талапты оқушының ҰБТ-дағы бағалары да көз қуантарлық. Білім сынағының соңғы нәтижесі бойынша 111 ұпай жинаған.

Ауыл мектебінде оқитын Ақжүніс Асылханқызы шетелде оқып, жаңа ортада өзгенің мәдениетін танысам, білім көкжиегімді кеңейтсем деген ниетпен үздіксіз ізденген. Нәтижесінде ол Дубай, Түркия, Малайзия, Канада, АҚШ сынды дамыған елдердегі университеттерге құжатын жіберіп, 36-сынан шақырту алған. 16 жастағы оқушы Американың — 17, БАӘ — 5, Түркияның — 6, Малайзияның — 5 университетінің грантын ұтып алып, Канаданың 1 университетіне президенттік стипендиямен оқуға шақыртылып отыр.

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап үздіктер тақтасынан түспеген Ақжүніс Атахан оқуда озат, ізденімпаз оқушылардың қатарынан көрініп келеді. Ақжүністің жетістігі — өңірдегі өзге оқушыларды қанаттандырды. Өйткені ол аталмыш білім ордасынан шетелдік оқу орындарынан шақырту алған алғашқы шәкірт. Талапты жас жаһанның мықты университетінің бірінде оқуын тәмамдап, елге қалтқысыз қызмет етуді мақсат етіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері ресми сапармен келді

berdaly_oraz

Түркістан облысының полициясы заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі

ШЫМКЕНТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

berdaly_oraz

Пікір жазу