Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жоспарлануда

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жоспарлануда,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін зауыт ашу мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен «Агромашхолдинг» АҚ президенті Динара Шүкіжанова инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде келіссөздер жүргізді.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы техникасына деген сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Сондықтан арнайы зауыт пен сервистік орталықты өңірде ашудың тиімділігін баса айтты.

«Түркістан облысы – аграрлы өңір. Ауыл шаруашылығы техникалары аса қажет. Біз бұл жобаны жүзеге асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайынбыз. Инфрақұрылым, жер мәселесі бойынша барлық жағдай жасалады,» – деді Нұралхан Көшеров.

Өз кезегінде «Агромашхолдинг» басшысы Динара Шүкіжанова облыс басшылығына ұсынылған қолайлы жағдай үшін алғысын білдірді. Ол өңірдегі өндірістік паркті аралап, зауыт үшін қажетті инфрақұрылыммен танысатынын жеткізді. Сондай-ақ, жоба жүзеге асқан жағдайда ауыл шаруашылығы техникасын шығаруда АҚШ пен Қытайдың озық үлгілері пайдаланылатынын мәлімдеді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларының ескіру мәселесі өзекті. Мемлекет басшысы «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің» бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға жеткізу міндетін қойған болатын.

Бүгінде Түркістан облысында 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескірген, пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда техникалық паркті 35 пайызға жаңарту жоспарланған. Бұл ретте жаңа зауыттың ашылуы өңірдегі аграрлық сектордың дамуына серпін бермек.Келіссөздер әлі жалғасуда, алдағы уақытта нақты шешім қабылданады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда 5 күнде 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛЫП, МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Арыс қаласының мақтанышы Ерсайын Сырайылұлы мемлекеттік наградаға ие болды

berdaly_oraz

Пікір жазу