Түркістан облысында бір жылда 5 жаңа индустриалды аймақ құрылды

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және индустриалды аймақтарды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңірде 1 700 гектар аумақты қамтитын 14 өңірлік маңызы бар индустриалды аймақ болса, оның ішінде 5-еуі соңғы бір жылда құрылған.

Сонымен қатар, Арыс қаласындағы «Мега-Агат» және Ордабасы ауданындағы «Бөкей» компанияларының ұсынысы бойынша 2 жеке индустриалды аймақ ашылып, жалпы саны 16-ға жетті. Қазіргі уақытта бұл аймақтарда жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын 82 жоба іске асырылып жатыр.

Индустриалды даму және әкімнің тапсырмалары

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру мақсатында арнайы мәжіліс өткізіп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Ол жаңа жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту және инвесторларды тарту қажеттігін атап өтті.

– Жаңадан құрылған және ашылатын индустриалды аймақтарды қажетті жермен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек. Жерді алып, жұмысын бастамаған кәсіпкерлермен келісімді тоқтатып, жерді қайтару қажет. Сонымен қатар, индустриалды аймақтарды абаттандыру мен көгалдандыру мәселелері де назарда болуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Индустриалды аймақтардың негізгі бағыттары

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов осы салада атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жаңа аймақтарды газ, электр, су және басқа да инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Түркістан облысындағы өндірістік аймақтарда негізінен:

Құрылыс материалдары өндірісі

Дайын металл өнімдері

Металлургия

Машина жасау

Жеңіл және жиһаз өнеркәсібі дамып келеді.

2024 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан 18 инвестициялық жоба мақұлданып, олар индустриалды аймақтарға енгізілді. Бұл жобалар өңір экономикасын нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Президент жаңа Спорт туралы заңға қол қойды:Қандай өзгерістер бар?

berdaly_oraz

Шымкентте тазалық талаптарын бұзған 1600-ден астам адам жауапқа тартылды

berdaly_oraz

Жетісайда мақта мен сүт кластері дамиды: жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ

berdaly_oraz

Пікір жазу