Түркістан облысында «Бірлік жарысы» өтті

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Түркістанда «Бірлік жарысы» өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Облыс орталығында өткен сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс «Денсаулық» саябағынан басталып, «Достық» үйіне дейін жалғасып, жалпы қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді.

Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде өтіп, жалпы 17 аудан-қаладан 6 мыңнан астам адам қамтылды.

Бұл шараның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігін, достығы мен татулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша іріктеліп, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен қыздар арасында бақ сынасты. Атап айтқанда, 18 бен 29, 30 бен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар  50 мен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Сайыс қорытындысында мәреге бірінші жеткендерге  облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы диплом мен медаль табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте полицейді көліктің капотында сүйреген азамат жеті жылға сотталды

berdaly_oraz

Қанат Бозымбаев: Тергеу аяқталғанша шахтадағы жұмыс тоқтатылады

berdaly_oraz

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі

berdaly_oraz

Пікір жазу