Түркістан облысында биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

Бірнеше күннен кейін облыстағы 553 мыңнан астам оқушы үшін оқу жылы аяқталады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Биыл 11-сыныпты 33 884 оқушы бітіреді,  оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 2313, 2400 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. 25 мамыр жексенбіге тура келуіне орай, барлық мектептерде 23 мамыр күні Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шара өткізіліп, «Білімім – Отаныма!» атты сынып сағатымен аяқтайтын болады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен мәжілісте биылғы оқу жылының қорытындысы мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары баяндалды.

Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Демалыс орындарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігіне мән берді. Бұл ретте жауапты басшыларға лагерьлердің сәйкестігін жіті тексеруді тапсырды. Құзырлы орган қызметкерлерінің бірлесе жұмыс атқаруын, дайындық жұмыстарының уақтылы әрі сапалы өткізілуін қатаң бақылауды жүктеді. Сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекованың баяндауынша, биыл Ұлттық біріңғай тестілеуге 27 386 мектеп бітірушісі қатысады. Облыс аумағында 5 тестілеу орталығы жұмыс жасауда. ҰБТ тапсыру мерзімдері 16 мамыр мен 10 шілде аралығында облыста бекітілген 4 тестілеу пункттерінде (Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Созақ аудандарында) өткізіледі. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді колледждерге оқуға тарту бойынша профориентациялық жұмыстар жүргізілуде. Барлық колледждерде «Ашық есік» күндері өтіп жатыр.

Жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен 439 мыңнан астам 1-10 сынып оқушыларының 93,5%-ы қамтылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жазғы лагерьлерде алдағы маусымға дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы облыс аумағында орналасқан 31 сауықтыру лагерлері өз есігін айқара ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» тақырыбында team building форматта семинар-тренинг өтті

Альфия Адамбек

Тараз маңында жас полицей қызметтік қарумен өзін атып өлтірді

berdaly_oraz

Түркістанда 5 күнде 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

berdaly_oraz

Пікір жазу