Түркістан облысында «Даму және ерте араласу» орталығы ашылды

Түркістан облысында «Даму және ерте араласу орталығының» салтанаты ашылуы өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шараға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар қорының денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі Бауыржан Жусупов және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысып, облысымызда ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мен ерте араласу жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Кентау қалалық емханасында ашылған «Даму және ерте араласу орталығының» қызметі балалардың өмірінің ең ерте кезеңдеріндегі даму ауытқуларын анықтауға және жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл балалық шақтағы мүгедектік деңгейін төмендетіп қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Орталықта жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларға скринингтер жүргізу, аутизмге түрлендірілген скринингтік тест, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балаға қатыгездіктің алдын алу, патронаждық бақылаудың тиімділігін ұйымдастыру, балалар мен олардың отбасыларына қажеттілікті анықтау және ведомствоаралық көмекті ұйымдастыру, бес жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдеріне күтім мәселелері бойынша кеңес беру, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру сияқты көптеген көмек көрсетілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау органдары, банк және байланыс операторларының өкілдері бас қосып, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесін талқылады

berdaly_oraz

Қазақстанда тағы бір облыс жаңа жұмыс кестесіне көшпек

Шымкент қаласында Наурыз мереке күндері бейнебақылау арқылы 1000-ға жуық құқық бұзушылықтар анықталды

berdaly_oraz

Пікір жазу