ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Биыл Түркістан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 359 дерек анықтады. Оның ішінде 126 қылмыс, 233 теріс қылықты — құқық бұзушылықтар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК:

  • Биыл облыс аумағында есірткіні заңсыз егу бойынша 69 дерек анықталып, жалпы 62 938 түп есірткі өсімдіктері тәркіленді. Анықталған есірткінің салмағы 833 келіден асқан. Аса ірі көлемде есірткіні сақтау бойынша 18 дерек анықталып, 46 тұлға қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1114 ақпараттық сайт бұғатталды.
  • Прокуратура органдарымен бірлесіп электрондық банктік есепшоттарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткі сатумен айналысу мүмкін 1 346 банк карталары анықталып,  «Антифрод» бағдарламасы арқылы олардың айналымына шектеу қойылған. Ал, кинологиялық қызмет орталығы арқылы 44 қылмыс ашылды.
  • Биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2025» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша құзырлы органдарымен бірлесіп 18 мобильді топ құрылған. Арнайы топға 241 қызметкер жұмылдырылып, 55 қызметтік автокөлік пен 2 дана ұшу аппаратымен қамтамасыз етілді.
  • Іс-шараның 4-кезеңінде есірткінің заңсыз айналымынан жалпы 202 есірткі құқық бұзушылықтары анықталып, 2 ұйымдасқан топ құрықталды. Тікұшақпен барлау жұмыстарының нәтижесінде Шардара ауданының аумағынан 3 есірткі алқабы табылды.
  • Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егудің ірі плантациясы анықталып, Қызылорда облысының екі азаматы және Шымкент қаласының бір тұрғыны қылмыс орнында құрықталды. Оқиға орнынан 829 түп қарасора, 2 352 түп көкнар есірткі өсімдіктері мен тіркелмеген қару тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің жалпы салмағы 700 килограмды құрады. Аталған дерек бойынша есірткі затын аса ірі көлемде сақтаған 5 тұлға қамауға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша алда келеді

Елімізде той жасағандар да салық төлеуі мүмкін

berdaly_oraz

В обществе – солидарная ответственность